2024 жылдың 23 желтоқсанында «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясында» ШЖҚ МКК станция директоры Л.Ф. Черноусованың қатысуымен ҚР АШМ ВБ ҚК «Мамлют ауданының аумақтық инспекциясы» ММ басшысы С.С.Рахметовтың және мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық инспекторлардың бас мамандары Н.А.Казанцева және Т.Н.Старыгина жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған ветеринариялық іс- шаралар жоспарын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Осы жиналыста келесі мәселелер талқыланды:
- Станцияның барлық қызметкерлерінің «Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ мүшелігіне қосылуы (Синячкина И.А.).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру (комплаенс қызметінің маманы А.В.Литвиненко).
- «Мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын қосымша зерделеу (Н.С.Давлетова мәліметі).
24.12.2024
Қараулар: 75
Қараулар: 75