Мемлекеттік қызметтер

Мамлют аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу  

2024 жылғы  28 қарашада Мамлют ауданы мәслихатының мәжіліс залында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің    ветеринария басқармасы" КММ "Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы ШЖҚ МКК директоры Л.Ф.Черноусова аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырып,жиналғандарға аудандық ветеринарлық станция көрсететін мемлекеттік қызметтер "Ветеринариялық анықтама беру ", "Ветеринариялық паспорт беру" және"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету)" туралы айтты. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және жануарлармен жұмыс істеу кезінде қоғам адамгершілігі қағидаттарын сақтау,жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы қоғамдық қатынастардың ашықтығы үшін құрылған "Таңба" ақпараттық жүйесі жұмыс істейтінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша станция директоры барлық қойылған сұраққа жауап берді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

2024 жылғы 12 қарашада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Мамлют ауданының ветеринариялық станциясына Мамлют аудандық мәслихатының депутаты «Новомихайловка 2003» ЖШС директоры Вячеслав Геннадьевич Щеголев келді.

Ветеринариялық станцияның директоры Л.Ф.Черноусова 3 мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне тоқталды: «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне тоқталды», «Ветеринариялық паспортты беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету)", ветеринария маманы Н.С.Давлетова интернетке тікелей қолжетімді аудан тұрғындарына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыс тәртібімен таныстырды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК 2024 жылдың I кварталында көрсетілген мемлекеттік қызметтер (DOCX 22 Kb)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі (DOCX 19 Kb)

"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (DOCX 18 Kb)

"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (ZIP 24 Kb)

Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау

2023жылдың 11тамызы күні Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Х.Мушарапова, «Альфа» ШҚ басшысы А.В.Хаятовпен бірге Мамлют ауданы ветеринариялық станциясына келді, ветеринариялық станцияның директоры Л.Ф.Черноусова қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатыннегізгі талаптардың тізбесімен таныстырды: «ветеринариялық анықтама беру» және «ветеринариялық паспорт беру» туралы айтты, сондай-ақ аудан азаматтарына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыс тәртібімен интернет желісіне тікелей шығумен таныстырды.

Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысу

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында Ж.С.Карімованың төрағалығымен Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Л.Ф.Черноусова қатысушыларға ауданның ветеринариялық станциясы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы: «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлармен жұмыс істеу кезінде оларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғам адамгершілігі қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарлармен жұмыс істеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы қоғамдық қатынастардың ашықтығы үшін құрылған: «TANBA» ақпараттық жүйесі жұмыс істейтінін айтты.

Өткізілген отырыстың қортындысы бойынша станция директоры барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақпараттық түсіндіру іс-шараларын өткізу

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК аудан тұрғындары үшін жадынамалар әзірленді: («ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) және 25-баптан ақпараттық жадынама ҚРЗ10.07.2022жылғы №339-II жеке және заңды тұлғалардың ауруларды қоса алғанда,жануарлар ауруларының алдын-алу жөніндегі міндеттері сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы енгізілген.

Тұрақты негізде Мамлют қаласында және ауданның ауылдық округтерінде ветеринариялық станция мамандары мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпаратық түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.

 

"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (DOCX 26 Kb)

Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі (PDF 581 Kb)