Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 2025 жылғы 4-10 ақпан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандарға әдістемелік, заңгерлік, практикалық көмек көрсетілді және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ұйымның даму тұжырымдамасын жақсарту мақсатында, клиенттің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және клиентпен өзара қарым-қатынасты үнемі жақсартып отыру үшін мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде клиентке бағдарлану мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, ветеринариялық станцияға жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, «TortTulik» мобилді қосымшасына тіркелу және пайдалану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Краснознамен, Пригродный, Белое, Воскресеновка, Леденево, Новомихайловка, Бике, Кызыласкер, Андреевка ауылдық округтерінде болып аудан әкімдерімен, мамандарымен ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға келген жеке және заңды тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қараулар: 70