Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі бақылау жүргізілді

2023 жылғы 6 мен 9 ақпан аралығында ветеринария басқармасы басшысының м.а. 2022 жылғы 01 желтоқсандағы №174 бұйрығымен бекітілген Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ішкі бақылау қызметінің бас маманы А.Ә. Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ШЖҚ МКК «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» КММ қызметінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізді. Жергілікті жерде мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты адамдармен ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Становой, Бике, Дубровное, Қызыласкер, Андреевка, Новомихайловка, Воскресеновка, Леденёв, Белое, Красназнамен, Пригород, Мамлют қаласы округтері әкімдерімен, әкімдіктің мамандарымен,тұрғындарымен кездесулер өтті. Сондай-ақ ветеринариялық станцияға ветеринар мамандарымен мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету мәселелері бойынша жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді.Становой ауылдық округі «Стан» ЖШС басшылығымен Қ.Ж.Бекеновпен және ауыл шаруашылығы О.Е. Мамбетовпен, сонымен қатар Андреевка ауылдық округі «Арқалық» ШҚ мал шаруашылығы бригадирі А.Н. Жолтабаровпен кездесулер болды Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде №399 – II Заңының (2022 жылдың 24 қарашасында өзгертулер мен толықтырулар) 25- бапты нақтылау бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері» бойынша жұмыстар жүргізілді.

13.02.2023
Қараулар: 95