2023 жылдың 24 қарашасында Мамлют аудандық мәдениет үйінде Мамлют қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудандық ветеринарлық станцияның екі ардагері Нугуманов Шеген Қажығалиұлы мен Жұлдыспаев Сансызбай Исабайұлы мінсіз қызметі мен ауыл шаруашылығына қосқан үлесі үшін Мамлют ауданы басшылығының Алғыс хатымен марапатталды.
Концертке жиналғандарды Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облысы облыстық филармониясының әртістері құттықтады.
27.11.2023
Қараулар: 126
Қараулар: 126