Мамлют аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу

2026 жылғы 27 наурызда Мамлют ауданы мәслихатының мәжіліс залында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы ШЖҚ МКК директоры Л.Ф.Черноусова аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырып,жиналғандарға аудандық ветеринарлық станция көрсететін мемлекеттік қызметтер "Ветеринариялық анықтама беру ", "Ветеринариялық паспорт беру" және"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету)" туралы айтты.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және жануарлармен жұмыс істеу кезінде қоғам адамгершілігі қағидаттарын сақтау,жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы қоғамдық қатынастардың ашықтығы үшін құрылған "Таңба" ақпараттық жүйесі жұмыс істейтінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша станция директоры барлық қойылған сұраққа жауап берді.

 

27.03.2026
Қараулар: 32