Рейдтік іс–шаралар

Қаңғыбас иттердің өсу себептерінің бірі — тұрғындардың үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін сақтамауы. Көбінесе иттер өздігінен жүреді және осылайша халыққа әсіресе балаларға қауіп төндіреді.

Қаңғыбас иттер мәселесі жануарлар санын ізгілікпен реттеуді де, иелерінің жауапкершілігін арттыруды да қамтитын кешенді жүйелі тәсілді қажет етеді.

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде "Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандары Мамлют қаласы мен ауданының ауылдық округтерінде Мамлют ауданының жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп чиптеу ережелерді сақтау мәселелері бойынша ақпараттық (жадынама) тарата отырып, үй жануарларын ұстау және серуендеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.


 

19.09.2025
Қараулар: 92