2024 жылы 13 ақпанда «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ғимаратында директор Л.Ф.Черноусованың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішевтың ветеринариялық станция көрсететін «Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері туралы» 09.02.2024 жылғы актіні талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Осы жиналыста станцияның компланес қызметінің маманы А.В.Литвиненко жиналған мамандардың назарына «Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманы тіркеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» журналында ветеринарлық мамандардың қолдарын қойып, қатысушыларға «Мамлют ауданының ветеринарлық станциясының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты» таныстырды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жануарларды чиптеу және «TortTulik» ауылшаруашылық жануарларының иелеріне арналған қосымшада жұмыс істеу мәселелері қарастырылды.
Қараулар: 81