Микробқа қарсы тұрақтылық және биоқауіпсіздік бойынша оқыту семинары

2024 жылғы 4 желтоқсанда Мамлют ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мамандарымен «Мамлют ауданы ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры мамандарымен,Мамлют ауданы РМК АВЛ, Мамлют ауданы ҚР АШМ ВБ және ҚК АИ ММ басшысының қатысуымен,Қазақстан Республикасында микробқа қарсы төзімділік және биоқауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинарға қатысушыларға микробқа қарсы препараттарды ветеринариялық қолдану саласындағы сұрақтар ,ветеринариялық практикада антибиотиктерді пайдалануды мониторингілеу мен бақылаудың заманауи тәсілдері, шартты түрде жұқтырған фермаларға барған кезде биоқауіпсіздік шараларын сақтау ерекшеліктеріне оқыту ұсынылды. Семинар барысында спикерлер көлемді ақпарат ұсынды, ветеринариялық мамандардан келіп түскен сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.

05.12.2024
Қараулар: 78