ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫН ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУҒА ЖАТАТЫН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28148 болып тіркелді

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үй жануарларын есепке алу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қосымша (DOCX 25 Kb)

09.08.2023
Қараулар: 416