Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеру

Ветеринария басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №169 бұйрығымен бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 6 - 9 ақпан аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді. Тексеру барысында станция мамандарымен жұмыс кездесуі және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, TortTulik мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану бойынша Мамлют ауданының Белое, Воскресеновка, Дубровное, Андреевка, Новомихайловка, Краснознамен және Пригородный ауылдық округтері әкімдерімен, әкім аппараттарының мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға жиі келетін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР АШМ ВБ және ҚК Мамлют аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сырымбет Серікұлы Рахметовпен ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша кездесу өтті. Әңгімелесу барысында ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар арасында заңды бұзушыларға қатысты құқықтық шаралардың қабылдануы туралы талқыланды.

12.02.2024
Қараулар: 81